Content removal request!


"Данияға екінші құрамды апарып, Хельсинкиде қырқысу керек" | Еуроға апарар жол

Уау, халайық! Елдің аузында жүрген тақырыпта подкаст түсіріп тастадық. Тұрақты спикеріміз – Ермұхамед Мәулен және футбол жанкүйері, ақын, журналист, белсенді Оңғар Қабден. Мәселе, сол ЕУРО іріктеуі жайлы. Қазақстан құрамасының әуселесі, мүмкіндігі туралы. Н тобына жиналған Дания, Финляндия, Словения сияқты аш қасқырлар Қазақстанға "жол ашып" бере ме? Қазақстан енді тек Сан-Мариноны ғана жеңуі мүмкін. Сырт алаңда Дания, Финляндия, Словенияға қарсы ойында 9 ұпайдан қағыламыз ба? Ұлттар лигасы – Германияға (Еуро-2024) апарар жалғыз жол ма? Тоқаев пен Головкин барған матч, финдерден қатарынан 5-ші рет жеңілуіміз, футболшылардың физикалық дайындығы, Грузияға қарсы мүмкіндігіміз. Осы және басқа да мәселелер БІРІНШІ БОЛ каналында қызу талқыланды. Подкаст спикерлері: Олжас Байбосын, Ермұхамед Мәулен, Оңғар Қабден Олжас Байбосын - https://www.instagram.com/Olzhas_baibosin/ Ермұхамед Мәулен - https://www.instagram.com/E.maulen/ Оңғар Қабден - https://www.facebook.com/profile.php?id=100008177013860 #футбол #Біріншібол #euro2024