Content removal request!


Алексей Чуркиннен үш рекорд! #ауыратлетика #спорт #азиада #алексейчуркин

🏋️‍♂️ Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан 85 келіге дейінгі салмақтағы бәсеке аяқталды. 🔥 Қазақстандық Алексей Чуркин жұлқа көтерудегі алғашқы талпынысында 173 келіні бағындырып, жаңа әлемдік рекорд орнатты! 💪 Серпе көтеруде 205 келіні көтерген отандасымыз қос сайыс қорытындысында 378 келі жинап, жарысты екінші орынмен аяқтады. 🥇🇰🇵 Кванг Риол Ро – 379 кг (165+214) 🥈🇰🇿 Алексей Чуркин – 378 кг (173+205) 🥉🇨🇳 Шуннан Чен – 374 кг (163+211) Осылайша, Алексей Чуркин ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. 🥈 📌 Бұл – Қазақстанның Азиададағы ауыр атлетикадан екінші медалі. Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта Аянат Жұмағали күміс жүлде иеленген еді.