Content removal request!


ЕЛДОС СМЕТОВ ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА АЛҒАШҚЫ ҚОЛА МЕДАЛЬ САЛДЫ.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов осы жолы да медальсыз қалмады, бірақ бұл турнирде оған "қола" бұйырды Дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалда Нидерланды өкілі Торнике Чакадуаны жеңіп, Қазақстанға қола медаль әкелді. Рио Олимпиадасы-2016 күміс жүлдегері Елдос Сметов алғашқы жекпе-жекте түрік палуаны Мирхадж Аккуштан басым түсті. Қазақстандық дзюдошы өз қарсыласын иппонмен жеңді. Осыдан кейін Сметов Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Вон Джинді жеңді. Алайда жартылай финалда жапондық Наохиса Такатодан жеңіліп қалды. Осылайша Елдос Сметов қола жүлдегер атанып, Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салды.