ӨЗБЕКСТАНДЫҚ БАЛУАН СУМОДА ӨЗІНЕН ҮШ ЕСЕ АУЫР ҚАРСЫЛАСТЫ ЖЫҚТЫ
Өзбекстандық сумошы Махмуд Ирмұхамедов АҚШ-та өткен халықаралық турнирде америкалық ауыр салмақтағы қарсыласын жеңді. Салмағы шамамен 80 келі болатын спортшы өзінен үш есеге жуық ауыр, (шамамен 250 келі) балуанды тізе бүктірді.