Content removal request!


СЕРІК САПИЕВ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ АЙТТЫ.

Көрсеткіш нашар болды”: Серік Сәпиев Токио Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшылары туралы айтты. Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қазақстандықтардың Токиодағы Олимпиада ойындарындағы көрсеткішін нашар деп бағалады. "Көрсеткіш нашар, өйткені бізде Олимпиада ойындарында алтын медаль жоқ. Олимпиадада төрешілер объективті түрде бағалады. Бірақ бүгінгі жартылай финалда Сәкен Бибосынов жеңуі керек еді деп ойлаймын. Олар дұрыс бағалады ма, назардан тыс қалдырды ма, белгісіз. Мұны төрешілердің ар-ожданына тапсырамыз. Бірақ менің ойымша Сәкен жеңді.