Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ». 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің барлығы жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Бұған қоса, иорданиялық спортшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Төрехан Сабырхан басымдығын сақтап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан құрамасының бокс додасындағы алғашқы алтын медалі. Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Төрехан Сабырхан 2026 жылдың сәуірінде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалындағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Сол кезде де ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші кездесуінде Зеяд Ишаишпен кездесіп, қарсыласына есе жіберген еді. Нәтижесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. #ХабарСпорт #Спорт #Қазақстанспорты
Сборная Казахстана установила новый медальный рекорд на Азиатских Пара играх в Японии. В копилке национальной ...
Команда Казахстана по триатлону выступит на этапе Кубка мира, который пройдет в Гонконге в начале ноября, сообщает ...
На Азиатских параиграх, проходящих в Японии, копилка сборной Казахстана пополнилась еще несколькими наградами, ...
Сегодня на V Азиатских Параиграх, которые проходят в Японии, копилка сборной Казахстана пополнилась ещё ...
Казахстанский пловец Диас Кенжебек завоевал золотую медаль Азиатских Параигр, проходящих в Японии, передает ...
Сборная Казахстана завоевала 15 медалей Азиатских параигр, проходящих в Японии, передает «24KZ». #ХабарСпорт ...
Турсынай Кабыл завоевала серебряную медаль пятых Азиатских Пара игр в японской Нагое. Казахстанка стала призёром ...
Казахстанец Еркин Габбасов завоевал первое золото для нашей страны на Азиатских Параиграх в Японии, передает ...